Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аккумулятор ұрлаған қызылордалық әшкере болды

Қызылордалық полицейлер аккумулятор ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта азаматтардан аккумулятор ұрлығы туралы арыз-шағымдар жиі түсуде. Ұрлық түнгі мезгілде, әсіресе дабыл белгісі жоқ автокөліктерде жиі орын алуда.

Мысалы, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 22 ақпан күні қалада орналасқан мекемелердің бірінен аккумулятор ұрлығы бойынша хабарлама келіп түскен. Мекеме басшысының айтуы бойынша, белгісіз біреулер жүк автокөліктерінің ішінде тұрған қара түсті, қуаттылығы 190 Вт төрт дана аккумуляторды ұрлап кеткен. Ұрлық салдарынан жәбірленушіге 200 мың теңге материалдық шығын келтірілген.

Полиция басқармасы қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру