Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр сақшылары ардагермен кездесті

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы Ішкі істер органдарының ардагерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығы қызметкерлерді іріктеу, дайындау, тәрбиелеу және кәсіби деңгейін арттыру бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда.

Идеологиялық жұмыстың озық нысандары мен әдістерін қолдана отырып, Қызылорда қаласы ПБ кадр саясаты бөлімі жеке құраммен құқықтық дүниетанымды қалыптастыру, қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған мәдени-бұқаралық шараларды өткізеді.

Осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Алмағанбетов  жеке құраммен дәстүрлі кездесу өткізді.

Іс-шара барысында тәлімгер жас полицейлерге ақыл-кеңесін айтып, естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру