Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Алакөл алаулары – 2026" фестивалінде адасып кеткен үш бала ата-анасына аман-есен табысталды

Алакөл жағалауында өткен "Алакөл алаулары – 2026" мәдени-ойын-сауық фестивалі кезінде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, қиын жағдайға тап болған отбасыларға дер кезінде көмек көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Фестиваль барысында адам көп шоғырланған аумақта үш кішкентай бала ата-анасынан адасып қалған. Полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен үйлесімді іс-қимылының арқасында жедел іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, балалардың барлығы қысқа уақыт ішінде табылып, ата-аналарына аман-есен табысталды.

Фестиваль қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Абай облысы полиция департаментінің 60-тан астам қызметкері қызмет атқарды. Тәртіп сақшылары концерттік алаңдарда қоғамдық тәртіпті бақылап, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті, көлік ағынын реттеп, тұрғындар мен қонақтарға қажетті көмек көрсетті.

Полиция бұқаралық іс-шараларға қатысатын азаматтарға балаларды үнемі назардан тыс қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ ата-аналарға балаға адасып қалған жағдайда кімнен көмек сұрау керектігін алдын ала түсіндіріп, қажет болған жағдайда жақын маңдағы полиция қызметкеріне жүгінуге немесе "102" арнасына хабарласуға болатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру