Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алакөлдегі туристік полиция қызметі күшейтілді

Алакөлдегі туристік полиция қызметі күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаз мезгілі – демалыс пен саяхаттың қызатын шағы. Туристік маусымда Алакөл жағалауында туристік полиция қызметкерлері күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, демалушылардың қауіпсіздігі үшін қызмет атқаруда.

Полиция қызметкерлері рейд барысында демалушыларға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамаларды таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Шетелдік туристерге де ерекше көңіл бөлінеді. Онлайн-аудармашының көмегімен тәртіп сақшылары олармен ағылшын тілінде еркін тілдесіп, қажетті ақпарат беріп, сұрақтарына жауап береді.

Шетелдік туристердің бірі Қазақстанда өзін қауіпсіз сезінетінін айтып, полиция қызметкерлерінің жұмысына оң бағасын берді.

– Мұнда бәрі өте жақсы. Полиция әрдайым жанымыздан табылады, көмектеседі және туристердің қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды, – деді ол.

Туристік полиция қызметкерлері демалушылардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. Мақсат – Алакөлдегі әрбір қонақтың демалысы жайлы әрі қауіпсіз өтуіне жағдай жасау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру