Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әлеуметтік желілерде “Атырау облысында кәмелетке толмаған қыз тұрмысқа шықты” деген ақпарат таралды

Атырау облысы Полиция Департаменті мен Қызылқоға ауданы полиция қызметкерлері Миялы ауылының 2002 жылы туған тұрғынына тұрмысқа шыққан кәмелетке толмаған қыз бала туралы деректі анықтап, жасөспірімді үйіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері, Атырау қаласында тұратын 2007 жылы туған кәмелетке толмаған қыз бала мен Миялы селосының 2002 жылы туған тұрғынының 2019 жылдың желтоқсан айынан бері кездесіп жүретіндерін, шілдеде “отау құрамыз” деп шешкен екеуге қыз баланың анасы мен жігіттің ата-ананасы келісімдерін бергенін анықтады.

Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірім қызды анасының қатысуымен дәрігерлерге (гинекологтарға) апарып, медициналық тексерулерден өткізді.

Дәрігерлер қортындысымен, қыз баланың  жыныстық қатынасқа түспегені және денесінде басқа да жарақаттардың жоқтығы анықталды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған қыз баламен, жігітпен, олардың ата-аналарымен ҚР ҚК 122-бабына сәйкес, 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіріп, профилактикалық әңгімелер жүргізді.

Әңгімелесулерден кейін кәмелетке толмаған қыз бала үйіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру