Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда “Жолда қабылдау” акциясы жалғасуда

Атырау облысының полицейлері акцияның алғашқы күнін онлайн режимде өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл күні 180-ге жуық өтініш келіп түсті, олардың басым бөлігі армян көліктерін тіркеуге қатысты болды.

Автокөлік иелері тіркеу рәсімінің ережелері, баж салығы, үшінші тұлғаның сенімхатпен тіркеу мүмкіндігі (дәлелді себептер бойынша), басқаруы оң жақтан сол жаққа ауыстырылған көліктерді тіркеу мәселелері, сондай-ақ газ баллонды құрылғы орнатылган автокөліктерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шаралары туралы халыққа кеңінен түсіндірілді. Азаматтардың сауалдарына Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мырзалы Өтеғалиев жауап берді.
Акцияның алғашқы күні Атырау қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да елімізге Армениядан әкелінген 108 көлік тіркелсе, ал келесі күні (27 тамызда) тек түске дейін 84 автокөлік сары нөмір алды.

Аталмыш акция облыс аудандарында да өтуде. Жалпы, маусымның 1-нен күні бүгінге дейін Атырау облысында Армения Республикасынан әкелінген көліктердің 3500-ден астамы тіркеуден өтті.

Облыс полицейлері Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді тіркеу мерзімі 2020 жылғы 1 қыркүйекте аяқталатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру