Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясында тәлімгерлер мен курсанттардың кездесуі өтті

Алматы академиясында тәлімгерлер мен курсанттардың кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

М.Есболатов атындағы Алматы академиясында тәлімгерлік мектебі жұмыс істейді. Мектептің мақсаты – жас мамандар мен білім алушылардың кәсіби машығын арттырып, патриоттық рухта тәрбие беру. Жуырда осы мақсатта ұйымдастырылған тәлімгерлер мен курсанттардың кездесуіне академия ардагерлері отставкідегі полиция полковнигі Т. Құлтаев пен М.Нұрғазиев шақырылды. Ардагерлер Т. Құлтаев ұзақ жылдар оқытушылық қызмет атқарса, М.Нұрғазиев тәрбие бөлімін басқарған білікті маман.

Кездесуді ашқан академия бастығының көмекшісі Е.Жақиянов тәлімгерлерліктің жас мамандар мен білім алушылардың кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскенде кәсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсетуде ықпалы зор екенін атап өтті.

Тәжірбиесі мен тәлімі зор ардагерлер кездесу барысында өздерінің мол қызметтік тәжірбиелерімен бөлісуге, үйретуге әрқашан дайын екендерін айтып, ұшқыр, тың ойларымен, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру