Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ауыл жастарына полиция қызметінің ерекшеліктері айтылды

СҚО-да ауыл жастарына Қазақстан полициясындағы жаңашылдықтар мен қызметтің ерекшеліктері туралы айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері Есіл ауданындағы Покровка ауылында орналасқан Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде кезекті кәсіптік бейіндеу жұмысын жүргізді. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жігіттер мен қыздарға полициядағы қызметтің ерекшеліктері мен басымдықтары туралы айтып, ішкі істер органдарына қызметке шақырды. Бұдан бөлек, ішкі істер органдарының ардагерлері мен аудандық бөлімдегі әріптестерін марапаттады.

Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, есірткі қылмысы мен киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, криминалистика – полиция қызметі көптеген бағыттарды қамтиды. Белсенді азаматтық ұстанымы бар білімді және төзімді жастар полицияға үнемі қажет. СҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин осы және ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу тәртібі, жұмысқа орналасу туралы айтты, артықшылықтар мен жеңілдіктерге тоқталды.

Аудитория назарына полициядағы цифрландыру қалай жүргізіліп жатқаны көрсетілді, жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын тіркейтін мобильдік құрылғылар, “102” қосымшасы және бүгінгі күннің полицейлеріне адамдар мен мемлекеттің игілігі үшін жұмысты сапалы орындауға мүмкіндік беретін басқа да жаңашылдықтар туралы бейнероликтер ұсынылды.

Абылғазы Ғабдуллин ІІМ басшылығының тапсырмасы бойынша өңірлердегі полиция департаменттерінде тәлімгерлер кеңесі құрылғанын атап өтті, олардың құрамына бұрын полицияда басшылық қызметтер атқарған тәжірибелі зейнеткерлер кірді. Покровка ауылындағы кездесуге ведомствоның тәлімгерлер кеңесінің өкілі Нұрғали Оразалинов пен СҚО ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов та қатысты.

Адал қызметі үшін алғыс хаттармен Есіл аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ринат Сәдуақасов және аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының полицейі Азамат Мейрамов марапатталды. Сондай-ақ ІІО ардагерлері Құрманбай Есентеміров пен Бейбіт Рамазанов алғыс хаттар алды. Жергілікті полицейлердің марапат алған ата-аналары мен туыстары: Болатбек Айбасов, Ольга Фрич, Гүлнар Көкенесова, Ұлан Мұқышев есілдіктердің қошеметіне бөленді.

Іс-шараның соңында СҚО ПД мәдени орталығының вокалдық тобы ауылдықтарға әсерлі концерт тарту етті. Ал қоян-қолтық ұрыстың тәсілдері мен қарулы қылмыскерлерді құрықтауды көрсеткен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлерінің өнері жастардың қызығушылығын оятты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру