Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясының профессоры “ТМД-ның үздік педагогы – 2021” төсбелгісімен марапатталды

Алматы академиясының профессоры “ТМД-ның үздік педагогы – 2021” төсбелгісімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 30 жылдық мерейтойына орай “Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үздік педагогы – 2021″ атты халықаралық байқауын ұйымдастырды.

Байқауға Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекістан, Тәжікстан, және т.б. елдерден үздік деп танылған педагогтер қатысты. Халықаралық деңгейде 300-ден аса педагогтер талапқа сәйкес құжаттарын жолдап, ішінен үздік деп танылған 114 педагог іріктелініп алынды.

Аталған халықаралық байқауға Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы “Жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника” кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Естай Абилезов қатысып жеңімпаз атанды.

Халықаралық байқаудың коммиссия мүшелері Е. Абилезовтың еңбектерін жоғары бағалай отырып, оны жеңімпаз ретінде танып, “ТМД-ның үздік педагогы – 2021” төсбелгісімен, халықаралық дәрежедегі І дәрежелі дипломмен, халықаралық педагогтардың өмірбаяны енгізілген кітап жинағымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру