Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында “Ашық қабылдау” акциясы өтті

Алматы облысында “Ашық қабылдау” акциясы өтті , — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы аумағында әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері “Ашық қабылдау” акциясын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – халық пен полиция арасындағы ашық диалогты жолға қоып, азаматтардың өтініштерін жедел түрде, жергілікті жерде қарастыру. Бұл күні полиция қызметкерлері облыстың шалғай және ауылдық елді мекендеріне шығып, ондаған азаматтарды қабылдап, жол қауіпсіздігі, көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және өзге де өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Азаматтардың күнделікті өмірде кездесетін проблемаларына ерекше көңіл бөлінді. Қабылдауға келген әрбір тұрғын өз сұрағын тікелей қойып, қажетті кеңес алды. Бірқатар мәселелер бойынша шешімдер сол жерде, жедел түрде қабылданды.

“Ашық қабылдау” акциясы – “Халық үніне құлақ асатын мемлекет”, “Заң мен тәртіп” қағидаларын жүзеге асыру аясында өткізіліп, полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтудың тиімді құралы болып табылады. Мұндай кездесулер халықтың сұранысына жедел әрекет етумен қатар, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға да септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру