Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ер адам печенье қорабына салып, 9 телефонды мекемеге кіргізбек болды

Алматы облысында ер адам печенье қорабына салып, тоғыз телефонды мекемеге кіргізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/4 мекемесінде (Жауғашты ауылы, әйелдерге арналған колония) сотталғандармен қолданылуға рұқсат етілмеген заттардың өтуін алдын-алу шаралары қатаң қадағаланады.

Атап айтсақ, 2 маусым 2021 жылы режім және жедел бөлім мамандарымен, мекеменің қысқа және ұзақ мерзімді кездесулеріне арналған бөлмесінде сотталғандарға қолдануға рұқсат етілмеген заттардың өткізілуінің жолы кесіледі.

Азамат К. алдап-арбау арқылы азаматша А.-ға өткізілуге тыйым салынған заттарды, атап айтқанда тоғыз телефон және тоғыз SIM картаны печенье салынған қораптың түбіне салып өткізбек кезінде ұсталды.

– Аталған факті бойынша керекті материалдар жиналып, әрі қарай процессуалдық шешім қабылданылуы үшін Алматы облысы Қарасай ауданының мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру