Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында іздеудегі 14 қылмыскер ұсталды

Алматы облысында іздеудегі 14 қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында “Іздестіру” жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезеңінде іздеуде жүрген 14 қылмыскер ұсталды. Республикалық операция ТМД елдерімен бірлесіп жүргізілді.

Алматы облысы аумағында ПД бастығының нұсқауы бойынша ТМД елдерімен бірлескен операция жүргізілді. Оның барысында Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҚР ҰҚКД-мен бірлесіп аса ауыр және ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздестіріліп жатқан қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы операциялар ұйымдастырылды.

– Мәселен, “Алтын Орда” базарының аумағында Тәжікстан Республикасының екі азаматы ұсталды. ҚР ІІМ біріктірілген деректер базасы бойынша тексеру барысында азаматтардың РФ Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны (кісі өлтіргені) үшін іздестірілетіні анықталды. Ұсталғандар УҰИ-ға қамалды, – деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Серік Шалхаров.

Жалпы, “Іздестіру” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде барлығы 14 іздеудегі күдікті ұсталып, бұрын хабар-ошарсыз кетті деп жарияланған 10 адам анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру