Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда қалалық ПБ патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағының тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында 27 қыркүйек күні сағат 01:30 шамасында Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында жол қауіпсіздік ережесін бұзған Opel Vectra автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлікті тізгіндеген 37 жастағы облыс тұрғыны көлікті масаң күйде басқарғаны және оның сот шешімімен 2022 жылдың маусым айында жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғандығы белгілі болды.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптама қорытындысымен оның масаң күйде болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік айыппұл алаңына қойылып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру