Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өз ауласында сора өсімдігін өсірген шымкенттік ұсталды

Өз ауласында сора өсімдігін өсірген шымкенттік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің №49 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары бекітілген әкімшілік аумақты аралау кезінде өз үйінде құрамында есiрткi заттары бар және өсiруге тыйым салынған өсiмдiкті заңсыз егіп-өсірген азаматты анықтады. Ол  1989 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты.

Тексеру барысында 33 жастағы азаматтың тұрғылықты мекенжайынан есірткі өсімдігі тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі өсімдігі сора тұқымына жататыны анықталды.

Бүгінде аталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру