Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында «Мигрант» алдын алу іс-шарасы қорытындыланды

Алматы облысының полицейлері «Мигрант» алдын алу іс-шарасы аясында 400-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының аумағында тәртіп сақшылары 2021 жылғы 1-5 ақпан аралығында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.

Арнайы шараның басты мақсаты – елімізге келген шетелдіктердің қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауын бақылау, тиісті рұқсаттар беру мен азаматтық алуына қолдау көрсету болып табылады.

– 5 күн ішінде еліміздің заңнамасын бұзудың 422 дерегі әшкере болды. Заң талаптарын өрескел бұзған 151 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 80 адам қабылдау-тарату орнына қамалды. 13 ТМД азаматы елден шығарылды, – деді Алматы облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Елмұрат Нұрсейітов.

Жедел-алдын алу шарасы барысында полицейлер заңсыз көші-қон ұйымдастырудың үш дерегін анықтады. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабына (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, шара барысында 183 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, түрлі сомадағы айыппұлдар арқалаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру