Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында велосипед ұрысы ұсталды

Алматы облысында полицейлар велосипед ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айта кету керек, қаскүнем тек велосипед ұрлауға маманданған. Оның қоржынында ондаған велосипед ұрлау дерегі бар.


Алматы облысы Қаратал АПБ-нің кезекші бөліміне құны 15 000-нан 40 000 теңге көлеміндегі екі велосипедтің ұрлағаны жөнінде көп қабатты үйлердің бірінде тұратын Үштөбе қаласының екі тұрғыны арызданған. Олардың арыздары ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді.


Біраз уақыт өткеннен кейін тәртіп сақшылары аудан орталығының 30 жастағы тұрғынын ұстады, ол ұрлық жасағанын мойындап, велосипедтерді 10 000 теңгеге сатып алған адамды көрсеткен.

Өз кезегінде сатып алушы велосипедтерді арзан бағамен сатып алып, оларды бейтаныс сатып алушыларға 35 000 теңгеге жоғары бағамен қайта сатқанын жеткізді. Күдікті жәбірленушілерге келтірілген залал құнын ақшалай толық өтеді. Велосипедтердің “әуесқой ұрысы” бұрын да велосипед ұрлағаны үшін үш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезеңінде күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті жүріс-тұрыс туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру