Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол-көлік оқиғасынан жүргізуші көз жұмды

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы болды, жүргізуші ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 маусым сағат 07.30-да Темір ауданының тұрғыны “ВАЗ-2112” автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі Шұбарши кенті жағынан Балуан көшесі бойымен Кеңқияқ ауылы бағытында, Кеңқияқ ауылының “СНПС-Ақтөбемұнайгазжанында қарсы бағытқа шығып кетіп, Шұбарқұдық ауылының 39 жастағы тұрғынының басқаруындағы “ВАЗ-2114” автокөлігімен соқтығысқан.

Жолөлік оқиғасы қорытындысында “ВАЗ-2112″ автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан Темір ауданы Кеңқияқ ауылының орталық ауруханасында көз жұмды, “ВАЗ-2114” автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы Кеңқияқ ауылының орталық ауруханасына жатқызылды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, “ВАЗ-2114 “автокөлігінің жүргізушісі жеңілдәрежелі алкогольдік масаң күйде көлікті басқарған.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет).

Полиция департаменті барлық жол қозғалыс атысушыларынан жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауды, бір-біріне құрметпен қарауды сұрайды. Есіңізде болсын, автокөлікжоғарғы қауіп көзі. Жол қозғалыс ережелерді елемеу түзетілмейтін салдарға әкелуі мүмкін. Есіңізде болсын, сізді үйде жақындарыңыз күтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру