Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші ұсталды

Алматы облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қыркүйек сағат 23:00 шамасында Іле ауданында “Нұр-Сұлтан – Алматы” автожолының 59-шақырымында оңтүстік бағытта келе жатқан белгісіз көлік Ақши ауылының 46 жастағы тұрғынын қағып кеткен. Ер адам оқиға орнында көз жұмған. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Оқиғаның мән-жайын мұқият талдаған іздестіру тобы жедел-іздестіру іс-шараларының жоспарын жасап, күдіктінің ізіне түсті. Тәртіп сақшылары көрші Қарасай ауданындағы жеке үйдің ауласында ЖКО іздері бар тығылған “Тойота Авалон” автокөлігін анықтап , тапты. Зақымданған орын ұқыпты түрде матамен жасырылған. Исаево ауылының 60 жастағы тұрғыны болып табылатын жүргізуші ұсталды. Ол өзінің адамды қағып кеткенін мойындап, оқиға орнынан қорқаннан қашып кеткенін жеткізді.

– Жаяу жүргіншілерді қағып кетуге байланысты қылмыстардың санатын, жүргізушілер ЖКО орнынан қашып кеткен жағдайда ашу қиын. Алайда жеке уақытпен санаспай, жоспарлы және мұқият жұмыс істелсе, маңызды дәлелдерді тауып, күдіктіні әшкерелеуге әрқашан да мүмкіндік бар. Біздің ісімізде ұсақ-түйек болмайды, кейде ең кішкентай бөлшекте қашып кеткен жүргізушіні ұстауға көмектеседі, – дейді Алматы облысы ПД ЖПҚБ іздестіру тобының инспекторы Алдияр Тайбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру