Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ұрланған” алтын тұрғынның өз үйінен табылды

Қарағандылық полицейлер азаматшаның ұрланды деген алтын бұйымдарын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 61 жастағы азаматша хабарласып, белгісіз біреулер кілт таңдау арқылы пәтеріне кіріп, алтын бұйымдарын ұрлап кеткендігі туралы арызданған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері шынында да пәтерден бөгде адамдардың ізін таппаған. Есіктің кілті сынбаған, сонымен қатар үйде ешқандай заттың бүлінбегіні анықталды.

Сондықтан да полиция қызметкерлері бұл қылмысқа жәбірленушінің жақын туыстары не болмаса үйіне келіп жүретін таныстарынан күдіктенген. Алайда, жәбірленуші 61 жастағы әйел өзінің ортасында ондай адамдардың жоқтығын айтқан.

Үйді жіті тексеру барысында полиция қызметкерлері жәбірленушінің “ұрланды” деген алтын бұйымдарын тауып берді. Анықталғандай, жәбірленуші алтын бұйымдарын көзге көріне бермейтін жерге тығып қойып, қойған жерін ұмытып, бағалы затын біреу қолды қылды деп ойлаған. Сондықтан да полицияға арыз берген.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабымен қозғалған қылмыстық іс, қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру