Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының арнайы жасақ тәртіп сақшылары “Қамқордағы” балаларды мерекемен құттықтады

Алматы облысы ПД Оқу-жаттығу взводының полицейлері Балалар құқығын қорғау күні мерекесіне орай “Қамқор” арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы жасақ мүшелері ұжымымен орталықтағы балаларды мейрамдарымен құттықтап, оларға бағалы сыйлықтарын табыстады.

– Балалар күні мерекесінде балаларға қуаныш пен күлкі сыйлау – біз үшін асқан бақыт. Бүгінгі әрекетіміз теңіздің тамшысындай ғана екенін білеміз, өйткені ата-ананың қамқоры мен мейірімінсіз өсіп жатқан балаларды көргенде жүрегің қан жылайды. Өйткені, әр бала ата-ананың махаббаты мен мейіріміне зәру. “Қамқор” арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының ұжымына өте күрделі жұмыстары үшін алғысымды білдіремін, – деді Алматы облысы ПД Оқу-жаттығу взводының командирі Алмас Шпекбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру