Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында карантин күндері белсенді жұмыс істеген 1300-ден астам полиция қызметкері марапатталды

1 маусымнан бастап Ақтөбе облысы бойынша карантин күндері жұмыс істеген барлық блок-бекеттер алынды. Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов блок-бекетте болып, коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс істеген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Бүгінгі күннен бастап бүкіл ел бойынша, соның ішінде Ақтөбе облысы бойынша блок-бекеттер алынады. Өңірде карантин күндері 28 блок-бекет қойылды, оның ішінде жетеуі Ақтөбенің айналасында ұйымдастырылды. 400-ге жуық қызметкер күшейтілген тәртіпте блок-бекет жұмысына қатысты. Жалпы алғанда, Ақтөбе облысы бойынша карантин күндері белсенді жұмыс істегені үшін 1300-ден астам полиция қызметкері марапатталды. Барлық қызметкерлерге үлкен алғысымды білдіремін, – деді облыстық ПД басшысы Атығай Арыстанов.

Содан кейін 15-ке жуық үздік қызметкерлерді қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, блокбекеттерде коронавирустық инфекциямен күрес бойынша іс-шараларға тікелей қатысқаны үшін облыстық ПД басшысының алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті.

Осылайша облыс аудандары мен республика облыстары арасындағы блокбекеттер алынған болса, ал РФ шекарасында орналасқан екі блок-бекет алынбады.

Ақтөбе полицейлері волонтерлермен бірлесе отырып 1573 құқық бұзушылық фактісінің жолын кесті, оның ішінде 1513 факт ҚР ӘҚБтК- нің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша және ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы (төтенше жағдайда құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-
әрекеттер) бойынша 60 фактінің жолын кесті.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру