Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері Отбасы күнін атап өтті

Алматы облысының полицейлері Отбасы күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл Алматы облысының полицейлері карантиндік шараларға байланысты Отбасы күнін жыл сайынғы дәстүр бойынша, яғни спорттық жарыстар өткізумен атап өте алмады. Алайда бұған қарамастан, мереке назардан тыс қалған жоқ. Әрбір аудандық бөлімше қызметкерлері өз отбасы жайында бейнероликтер дайындады.

«Біз бұл роликтерді өз әсерлерімізбен бөлісу үшін халық назарына ұсынамыз. Биыл елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты осы маңызды мерекені бірге өткізу мүмкін болмады. Дегенмен, біз әкесі мен анасы полиция қызметкерлері қатарында аудандық бөлімшелерде қызмет ететін отбасылардың бос уақыттарын қалай өткізетіндіктерін жеткізгіміз келді. Яғни, бұл арқылы жұмыстағы офицерлердің, өз үйінде қарапайым отбасы мүшесіне айналатынын көрсетуге тырыстық», – дейді Алматы облысы ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының міндетін атқарушы Абылай Нұрымов.

Отбасы – бұл әр адамның өміріндегі ең маңыздысы.

«Дәл отбасында біз сүйіспеншілікті, бір-бірімізге түсіністікпен қарауды, жақындарымызға деген қамқорлықты, кешірімді болуды, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйренеміз. Ет жақындарымыз әрқашан қиын сәтте ісімен де, сөзімен де бізге қолдау көрсетеді. Сені жақсы көретін адамдар сенің кішкентай да болсын табыстарың мен жеңістеріңе қуанады, ал сенің сәтсіздіктеріңе сенімен бірге қайғырады. Ал бұны білу – жалғыз емес екеніңді сезіну. Ол – адамзатқа ары қарай еш кедергісіз жылжып, дамуына септігін тигізетін бірден-бір сезім», – деп толықтырды Абылай Нұрымов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру