Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері жеке үйлердің бірінде шыққан өртті сөндіруге көмектесті

Алматы облысының полицейлері Жетіген ауылындағы жеке үйлердің бірінде шыққан өртті сөндіруге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 тамыз күні сағат 13:00 шамасында Алматы облысы ПД ППБ қызметкерлері борттық нөмірі 030 Hyundai қызметтік автокөлігімен оларға сеніп тапсырылған учаскеде патрульдеуді жүргізген.

– Патрульдеу кезінде олар үйлердің жанынан өтіп бара жатып, олардың бірінің шатыры жанып жатқанын байқаған. Полиция қызметкері Д.Тоқтамысов пен А.Сайын бірден үйге жүгіріп барып, ұйықтап жатқан иесін оятып, газ баллонын қауіпсіз жерге шығарған. Тәртіп сақшылары өз қолдарымен өртті сөндіруге көмектесіп, өрт сөндіру бригадасы келгенге дейін қауіпсіздікті қамтамасыз етті, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Үйдің тұрғындары полицейлерге ризашылықтарын білдіріп, қиындығы мен қызығы қатар қызметтеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру