Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері есірткі сатушыны ұстады

Алматы полицейлері есірткі сатушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Полиция қызметкерлері Түркістан облысының 24 жастағы тұрғынынан синтетикалық есірткі салынған бумаларды тәркіледі.

– Қаланың Алмалы ауданының аумағын патрульдеу кезінде Буран-060 патрульдік экипажы сөмке ұстаған жас қызды байқады, ол полиция көлігін көріп, қатты қобалжыды және жасырынбақ болды. Сөмкенің ішіндегісін тексеру кезінде 18 дана көлеміндегі қара колба мен сары түсті 5 бума табылды. Ұсталған адам 24 жастағы С.есімді азаматша, есірткіні заңсыз сақтағанын және өткізгенін бірден мойындады. Мәселе мефедрон туралы болып отыр. Сот-химиялық сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантеміров.

Қылмыстық іс Алмалы ауданының Полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Полиция Алматыға есірткі жеткізу арнасын және оның таралу жолын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру