Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері көлік ұрлығының бетін ашты

Алматы полицейлері көлік ұрлығының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрағынан Kia Rio көлігі ұрланды. Темір тұлпар жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қаскелең қаласындағы үйлердің бірінің ауласынан табылды.

– Осы қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысының тұрғыны анықталды және ұсталды. Көлік тәркіленді. Күдікті қамауға алынды. Көлік иесіне тапсырылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру