Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері тұрғыннан сегіз “Сайга” қаруын тәркіледі

Алматы полицейлері тұрғыннан сегіз “Сайга” қаруын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы Алматының Наурызбай ауданы тұрғынының сарайынан қару-жарақ, оптикалық көздеуіш және аңшылық құралдары сақталған орын табылды.

– Арнайы іс-шара кезінде 1984 жылы туған К.есімді азамат ұсталды, ол жедел іс-шаралар барысында ағымдағы жылдың 5 қаңтарында “Камерад” қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқандығы, нәтижесінде 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы сегіз мылтықты ұрлағандығы анықталды. Күдікті олжаны “жақсы уақытқа дейін” үйдің адамдарының көзінен алшақ, сарайда жасырғаны анықталды.  Барлық қарулар тәркіленді.  Оларға сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

“Камерад” қару-жарақ дүкенінен қару-жарақ пен өзге де мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру