Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы: ер адам ғаламторда өзінде жоқ автокөлік бөлшектерін сатқан

Бостандық аудандық полиция Басқармасының тергеу бөлімі Қазақстанда күдікті жасаған ірі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 1977 жылы туған Алматы облысының тумасы Ж.есімді азамат ұсталды. Қазіргі таңда күдіктінің заңсыз әрекеттерінен 65 адам зардап шеккені анықталды. Ол тауарлар мен қызметтерді сататын сайттарда автокөлік бөлшектері мен доңғалақтарын сатуға арналған жарнамалар орналастырды, бірақ ол заттар азаматта мүлдем болған жоқ. Ер адам әлеуетті сатып алушыларға тауарларды тез алу және алдын-ала олардың бір бөлігін электронды форматта төлеп, қоймада брондауды ұсынды. Ж.азамат клиенттерден ақшаны алғаннан кейін, қайтадан қоңырау шалып, осы күндердің бірінде оның серігі тапсырыс берілген бөлшектерін керекті мекен-жайға жеткізеді деп сендірді. Бірақ іс жүзінде мыналар болды: ол телефонды өшіріп, нөмірлерін өзгертті және оның қылмыстық әрекеті біз ашқанша адамдарды алдауды жалғастырды. Бұрын Ж.азамат алаяқтық үшін жауапқа тартылғандығы анықталды. Бұрынғысынша, ол, басқа адамдардың ақшаларын өз қажеттіліктеріне жұмсаған, – деді Алматы қалалық полиция Департаменті криминалдық Полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру