Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы Құлжа тасжолындағы жол айырығының құрылысы қашан аяқталатынын айтты

Алматы полициясы Құлжа тасжолындағы жол айырығының құрылысы қашан аяқталатынын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құлжа тас жолы мен Бұқтырма көшелерінің қиылысында жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстары, жер телімдерін мемлекет құзырына қайтару мен бюджеттік қаржының жұмсалуы көрсетілген кесте бойынша атқарылуда.

– Қазіргі таңда жол айырығының құрылысы бойынша айналма жолдар мен 14 тірек нысандар және №1 солтүстік бағытқа қарай жүретін эстакада жұмыстары толық аяқталды. Жер асты өткелі бойынша эстакада нысанының армотопырақты тірек қабырғалары және №2 оңтүстік бағыт бойынша инженерлік жүйелеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, солтүстік эстакада бойымен Құлжа тас жолы көліктерге ашылып, жол жүру біршама жеңілдеді, – деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Басқарма бастығының айтуынша, 2022 жылдың бірінші жартысында аталған жолайырық бойынша барлық бағыттағы жолдар ашылады деп жоспарлануда. Аталған құрылыс нысанындағы жұмыстар 2022 жылдың төртінші жартысында аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру