Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы такси жүргізушісіне жасалған шабуылды анықтады

Алматы полициясы такси жүргізушісіне жасалған шабуылды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 22.00-де Алматы қаласының тұрғыны “102” пультіне қоңырау шалып, белгісіз біреулер оның жеке тасымалдаумен айналысатын ағасын күштеп ұстап отырғанын және туыстарынан 500 мың теңге талап етіп жатқанын хабарлады.

– Жедел кезекшілерге Chevrolet автокөлігі туралы анықтама берілді. Бұл көлікті “Буран-307” патрульдік экипажы Жұлдыз ықшамауданында тоқтатты. Көлік ішінде такси жүргізушісі – 2000 жылы туған М.есімді азамат және 35 пен 38 жастағы екі күдікті болған. Олардың бірі қашуға тырысты. Бірақ ол ұсталып, сыбайласымен бірге қамауға алынды. Айтпақшы екі айыпталушы да бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір олардың іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен квалификацияланды, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру