Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері ЖПІШ барысында 6 киік мүйізін тәркіледі

БҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 6 дана киік мүйізін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылғы қарашаның 18 күні “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында қала жанындағы Бортау ауданы “Романтика” турбазасының қасында 55 жастағы жүргізушінің Honda CR-V автокөлігін  басқаруындағы және 42 жастағы Алматы қаласының тұрғынының басқаруындағы Toyota Prado автокөлігі тоқтатылады. Жанында тағы 3 жолаушы болды.

Тексеру барысында Honda CR-V автокөлігінің жүк салғышынан 2 еліктің өлі денесі табылды. Сондай-ақ 4 тегіс ұңғылы қару мен оқ-дәрілер, аңшылық пышақ, дүрбі, дальномер, рация тәркіленді.

Аталған факті негізінде Шаған полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігіне (Заңсыз аңшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

“Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде БҚО ПД қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, рейдтік іс-шаралар кезінде 8 қылмыстық фактілер анықталса (ҚР ҚК-нің 339-бабымен – 6, ҚР ҚК-нің 337- бабымен – 2), аң аулау және балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 183 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 6 дана киік мүйіздері, 1 173 келі бекіре тұқымдас балығы мен 15 бірлік қарулар тәркіленді.

Батыс Қазақстан облысының аумағында заңсыз аңшылық жасау, су жануарларын аулау, тасымалдау фактілерін анықтау жұмыстары одан әрі жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру