Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғыны мас күйде көлік жүргізгені үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Алматы тұрғыны мас күйде көлік жүргізгені үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселе, осыдан бірнеше күн бұрын қала полицейлері экологиялық постта ұстаған Алматы облысының тұрғыны, 36 жастағы М.есімді азамат жайында болып тұр.

– Toyota көлігінің жүргізушісінің әрекеті патрульдік полиция қызметкерлеріне күдікті болып көрінді. Медициналық сараптама оның есірткіге мас болғанын анықтады. Жүргізуші көлік құралын жүргізуден шеттетілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. М.есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Белгілі болғандай, жүргізуші бұған дейін екі рет көлікті мас күйінде басқарған кезде ұсталған. Бірінші жайт 2020 жылдың наурыз айында Алматы облысы Райымбек ауданында болған. Сол кезде ол сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Алайда бір жылдан кейін М.есімді азамат тағы да мас күйде көлік жүргізді. Сол кезде сот оны ҚР ҚК-нің 346-бабы және ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін екі жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру