Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғынынан кокаин тәркіленді

Алматы тұрғынынан кокаин тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 жастағы Алматы тұрғыны кокаин таратумен айналысқан. Ол үйінің жанында есірткіні жасырған. Сол жерде оны полиция құрықтады.

– Г.есімді азамат есірткі айналымымен жақында айналысқанын айта бастады. Оның айтуынша, жұмысты бейтаныс адам ұсынған. Байланыс тек мобильді мессенджер арқылы жүргізілген. Ұсталған сәтте күдіктіден ақ түсті ұнтақ заты бар 10 бума табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама оның ірі кокаин партиясы екенін көрсетті. Есірткі сатушының әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған. Ол қамауға алынды, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Шаһарға есірткі жеткізу арнасын Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру