Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда автобус жүргізушілерінің кінәсінен 170 ЖКО орын алды

Алматыда жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің кінәсінен 170 ЖКО орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік кәсіпорындарына, қаланың жол жағдайында автобустардың техникалық жағдайына, дұрыс жұмыс істеуіне мұқият тексеру ұйымдастырылды.

– Осылайша біз көлік құралында жолаушылар мен жүкті тасымалдайтын жүргізушілердің көліктік және еңбек тәртібін жақсарту, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану деректерінің алдын алу, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу мақсатын көздеп отырмыз. Бұл жұмысқа мүдделі мемлекеттік органдардың да, азаматтық альянстың өкілдері де барынша жұмылдырылған, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Полицейлер қабылданған шараларға қарамастан, қоғамдық көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жол-көлік оқиғаларына жол беріп жатқанын атап өтті. Тек жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің кінәсінен 170 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 3 адам қаза тауып, 55 адам жарақат алған. Сонымен қатар, қоғамдық көлікте жолаушылардың құлауы өте жиі кездеседі, ол негізінен шұғыл тежеу ​​немесе керісінше, күрт қозғалу салдарынан орын алады. 2021 жылы автобустың ішінде құлағаннан 328 жолаушы зардап шекті.

Сондай-ақ, 2022 жылдың басынан бері ПД-ның алдынғы шептегі бөлімшелерінің қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілерінің 286 жол ережесін бұзу дерегін анықтады.

– Алматы қаласында 21 автокәсіпорын жұмыс істейді, олардың балансында 147 бағыт бойынша жолаушылар тасымалымен айналысатын 2200-ден астам автобус пен 160 троллейбус бар. Қоғамдық көліктердің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғаларының жағдайы әлі де алаңдатады. Кейбір автобус жүргізушілерінің көлік тәртібі өте төмен деңгейде қалып отыр. Автопарктердің басшылығы жүргізушілерге бақылау жүргізбейді, жүргізуші куәлігінің бар-жоғын, сондай-ақ желіге шығар алдында техникалық жағдайын тексермейді. Олар экологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін автобустарды желіге шығаруды жалғастыруда, – дейді Б. Баятанов.

Қазіргі уақытта Алматы жолдарында патрульдік полиция жасақтарының тығыздығы артты. Профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру