Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер “Жолда қабылдау” акциясын өткізді

Маңғыстаулық полицейлер “Жолда қабылдау” акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Маңғыстау облысы аумағында 19 шілде және 18 тамыз аралығында республика көлеміндегі “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. ЖПІШ аясында Маңғыстау облысы ПД ӘПБ жол және техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлерімен республикалық маңызы бар тас жолдарда “Жолда қабылдау” акциясы өткізілді.

Аталмыш акцияның басты мақсаты – жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті арттыру, мал жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау. Акцияға осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырған Маңғыстау облысы ПД ӘПБ жол және техникалық инспекциясы бөлімінің полицейлерінен бөлек, патрульдік полиция ротасы, Маңғыстау облысы Батыр ауылының әкімі, “Қазавтожол” ЖШС, Көліктік бақылау инспекциясы, Денсаулық сақтау басқармасы мамандары мен шаруа қожалықтары иелері де қатысып, халықпен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жүргізушілер денсаулық саласының қызметкерлеріне қан қысымдарын тексертіп, дәрігерлік бақылаудан өтті. Сондай-ақ, азаматтарға арнайы жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру