Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті әйел ұсталды

Алматыда бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сериялық алаяқтық дерегін Медеу ауданының полиция қызметкерлері анықтады.

– Тергеу барысында күдікті 29 жастағы К. есімді азаматша қылмыстық жолмен баю мақсатында сенгіш кәсіпкерлерді алдағандығы анықталды: табысты көбейтіп беремін деген желеумен “Мегатау”, “ГУМ”, “Мобила” дүкендерінің 15 сатушысының ақшасын алып алған. Бүгінгі таңда К. есімді азаматша ұсталды және бірнеше рет алаяқтық жасағанын мойындады. Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары (Алаяқтық) бойынша тіркелді, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.

Қазіргі уақытта К. есімді азаматшаның Алматы қаласында осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Аталған адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуларын сұрайды: 8 (727) 254-48-02; 254-48-10 және 8-702-476-66-60.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру