Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда қоғамдық орындарда ішімдік ішкен ер адам қамауға алынды

Екібастұзда қоғамдық орындарда ішімдік ішкен ер адам 2 тәулікке қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 тамызда Екібастұз қаласы ПБ №6 учаскелік полиция инспекторы Талғат Қожамжаров сотқа 29 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік материал жолдады. Ол бір жылда ішімдік ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысына сәйкес, аталған азамат 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Екібастұз қаласының Полиция басқармасы биылғы жылдың жеті айында көшелерде және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені, қоғамдық орындарда масаң күйде болғаны үшін 1180 азаматты жауапқа тартты. Олардың әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

– Қала көшелерінде және қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішкені және қайталап ішкені үшін әкімшілік жаза тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде Екібастұз қаласының 66 тұрғыны тартылды, – деп атты өтті Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру