Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда бірқатар алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды

Алматыда бірқатар алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласының 57 жастағы тұрғыны аңғал азаматтарға пәтер мен көлікті нарықтағы құнынан төмен бағамен сатып алуды ұсынған. Жәбірленушілердің қаражатын иемденіп алған әйел оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің 3 алаяқтық дерегіне қатысы дәлелденді. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматша қамауда отыр, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру