Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткінің екі тұрақты сатушысы анықталды

Алматыда есірткінің екі тұрақты сатушысы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы іс-шара барысында есірткі саудасымен күресушілер қырық жастағы Р.азаматты ұстады.

Оның көзілдірігіне арналған футлярда 11 фольгаға оралған героин тәркіленді. Сол күні кешке тергеушілер шалбардың қалтасынан осындай сегіз пакет табылған “өлімге әкелетін ұнтақты” жеткізушімен байланысқа шықты.

– Толығырақ айтсақ, Алатау ауданында төрт ер адамы бар “Kиа” көлігі тоқтатылды. Айтпақшы, жолаушылардың әрқайсысы бұрын сотталған. Р. азаматтан уәкілетті жеке тінту кезінде 11 байлам табылды. Бұл алдын ала оралған дозалар “чектер” деп аталады. Бір “чектің” іші әдетте 2-3 дозаға жетеді. Тәжірибеде, мұндай мөлшердегі доза жеке тұтыну үшін алынбайды. Қазір тергеу осыны тексеріп жатыр. Сонымен қатар, көліктің жүргізушісі – 1980 ж.т., А.есімді азамат есірткі қабылдаған, осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды. Сот шешімімен ол әкімшілік қамауға алынды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сол күні кешке тергеушілер, ұсталғанынан үш грамм героин тәркілеген есірткі жеткізушісіне шықты.

– Күдікті өз үйінің алдында ұсталды. Күдікті – 1968 жылы туған В.азамат, әртүрлі қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін соттылығы бар. Ұсталған адам Алматы қаласындағы ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Ұсталғандарға қатысты – Р. және В.азаматтарға ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімі бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі көлемде сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді, – деді подполковник Алмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру