Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ірі ұрлықтың беті ашылды

Алматыда ірі ұрлықтың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Әуезов аудандық полициясының мәліметінше, Райымбек даңғылында орналасқан ательеден шамамен 5 миллион теңгенің мүлкі ұрланған.

– Қылмыс күндіз, сағат 10:00-ден 12:00-ге дейінгі аралықта орын алған. Белгісіз адам еркін түрде кеңсеге кіріп, сол жерден мүлікті ұрлап, жалпы сомасы 4 млн 700 мың теңге материалдық шығын келтірген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктілер полицияның арнайы жасағының көмегімен жүргізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде қаладағы базарлардың бірінде ұсталды, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Күдіктілердің екеуі де Түркістан және Алматы облыстарынан келгендер. Олардың жасы 25 пен 29-да. Қазір күдіктілердің жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру