Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мал ұрлығына қатысы бар екі ер адам қамауға алынды

Түркістан облысында мал ұрлығына қатысы бар екі ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам оның жайылымда қараусыз жүрген құны 300 мың теңге болатын бір сиырын түнгі уақытта ұрлап кеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алынды.

Ұрыны ұстау мақсатында учаскелік полицейлер оқиға орнына бірден жетті. Тәртіп сақшылары куәлардан жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде екі тәулік ішінде күдікке ілінген екі ер адам ұсталды. Олар Сайрамның жұмыссыз тұрғындары болып шықты.

Белгілі болғандай, күдіктілер ешкімнің жоқтығын пайдаланып, өзінің жүк көлігіне сиырды тиеп, әлдебіреуге сатып жіберген. Сонымен қатар күдіктілердің бұдан басқа тағы бір жайт мал ұрлығына қатысы бары расталды. Қазіргі таңда сиыр иесіне қайтарылды. Бүгінде күдікті деп танылған ер адамдар қамауға алынды. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру