Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көпқабатты үйлерден бірнеше рет велосипед ұрлаған жігіт әшкереленді

Алматыда көпқабатты үйлерден бірнеше рет велосипед ұрлаған жігіт әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын осындай қылмыспен сотталған, бірнеше рет велосипед ұрлығын жасаған Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны ұсталды.

– Негізінен ұрлық көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінен жасалған. Қаскөй кілтті немесе домофон кодын таңдау арқылы кіреберіске кірген және екі доңғалақты көлікті алып шыққан, содан кейін ұрланған велосипедтерді арзан бағаға сатқан. Қазіргі уақытта ұсталған адамның 15 қылмыстық эпизодқа қатыстылығы дәлелденді, – деп хабарлады Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Барлық эпизодтар бір өндіріске біріктірілген, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, бірнеше рет) бойынша тергелуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру