Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда Mazda көліктерін ұрлап жүргендер ұсталды

Алматыда Mazda көліктерін ұрлап жүргендер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Қарасай ауданының үш тұрғыны 9 көлік ұрлығына қатысты деген күдікпен ұсталды.

Қазіргі уақытта анықталғандай, 23 жастағы Қарақалпақстан тумасы мен оның 22 және 28 жастағы екі сыбайласының мойнында көлік ұрлау бойынша 9 дерек бар. Үштік Mazda автокөліктерін ұрлауға маманданған. Көлік ұрлағандарды әшкерелеу және ұстау іс-шарасын патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргіздік. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер 23 жастағы Я.есімді азамат, оның сыбайласы 22 жастағы туған К.есімді азамат және ұрланған көліктерді сатып алушы 28 жастағы Д.есімді азамат ұсталды. Олар бұрын сотталмаған. Өз кінәларын бірден мойындады. Тергеу іс-шаралары барысында 4 көлік табылды, олар айғақты зат ретінде қылмыстық іске қосылды, ал қалғандары қайта сатылған немесе қосалқы бөлшектерге бөлшектелген, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.


Ұрланған көліктердің тұрған жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу барысында қылмыскерлер қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру