Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жолаушыдан травматикалық қару тапты

Түркістан облысының полицейлері жолаушыдан травматикалық қару мен төрт оқ тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысы ПД-ның Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жергілікті тұрғынның бірі өзімен қару алып жүруі мүмкін деген хабарлама келді. Ақпарат алысымен Түркістан облысы ПД ҰҚҚКБ полицейлері бірден іске кірісті. Содан түнгі сағат 01:30 шамасында Б. Майлин көшесінде Daewoo Matiz көлікті тоқтатты.

Анықталғандай, көліктегі жолаушының бірі күдікті болып шықты. Одан әрі полицейлер жолаушыға тінту жүргізіп, одан қару, яғни тапанша мен төрт оқ, бір күкірт қорапшасына салынған марихуана есірткісіне ұқсас затты тауып, тәркілеп алды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Алынған қару травматикалық тапанша екені белгілі болды. Сараптама тағайындалды. Бүгінгі таңда күдікті жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру