Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда өзгенің телефонын тартып алып, қашып кеткен азамат ұсталды

Алматыда өзгенің телефонын тартып алып, қашып кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бостандық ауданының полицейлері бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады.

– Қаскөйдің орындықта отырған қыздарға назар аударғаны белгілі болды. Қарсыластың әлсіз болатынына сенген ол арғы жақтан қыздардың біріне жүгіріп келіп, оның қолынан телефонын тартып алмақ болып, дене жарақатын салған. Алайда жәбірленуші осал болмады, ол өз мүлкін қорғауға тырысты. Қаскөй бәрі-бір бөтеннің мүлкін тартып алып, қашып кеткен. Біраз уақыттан кейін біздің бөлімшенің қызметкерлері оны ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелгенін хабарлаймын. Күдікті қамауға алынды, –  деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру