Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда пәтер ұрылары кезекті қылмыс үстінде ұсталды

Алматыда пәтер ұрылары кезекті қылмыс үстінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полицияның мәліметінше, оңай жолмен ақша табуды ұнатушылар сағат 19:40-да бөтеннің үйіне кірген. Олар сол жақтан шығып бара жатқан кезде ұсталды.

– Қаскөйлер бұл үйге кірмес бұрын оны сырттан бақылаған. Олар пәтердің немесе үйдің бос екеніне көз жеткізген кезде кілтті таңдау және терезе арқылы үйге кірген. Ұстау кезінде күдіктілерден алтын бұйымдар мен басқа да әшекейлер тәркіленді. Олардың иесі материалдық шығынды жарты миллион теңгеге бағалаған. Тергеудің осы кезеңінде бұл дуэт жасаған үш пәтер ұрлығы анықталды, оның екеуі қаланың Түрксіб ауданында, тағы біреуі – Алмалы ауданында болды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Ахановтың айтуынша, күдіктілер қамауға алынды.

Ұсталған 29 жаста А.есімді азамат бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотты болған, қылмыстық әрекеттердің тағы бір сыбайласы – 1981 жылы туған К.есімді азамат. Ол бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Ұсталғандардың жеке басы басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру