Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция бөлімшелері волейболдан бақ сынасты

23 маусым – Қазақстан полициясы күні қарсаңында Алматы қаласы полиция департаментінде бөлімшелер арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарысқа 120-дан астам қызметкерден құралған 12 команда қатысты. Қатысушылар жоғары дене даярлығын, командалық бірлікті және жеңіске деген жігерін айқын көрсетті.

Турнирдің ашылу салтанатында Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов сөз сөйлеп, мұндай спорттық шаралардың ұжымдық рухты нығайтуға, қызметкерлердің дене дайындығын арттыруға және полиция имиджін көтеруге зор үлес қосатынын атап өтті.

Жарыс нәтижесі бойынша арнайы аталым иегерлері анықталды:

"Үздік қорғаушы" –  Айбын Әкімқожа;

"Үздік шабуылшы" – Бақытжан Сансызбаев;

"Үздік ойыншы" – Рүстем Исмаилов.

Жалпыкомандалық есепте:

үшінші орын – Түрксіб аудандық полиция басқармасының командасына;

екінші орын – Алматы қаласы Полиция департаменті аппаратының командасына;

бірінші орын – арнайы мақсаттағы жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командасына бұйырды.

Мұндай спорттық іс-шаралар полиция қызметкерлері арасында корпоративтік рухты нығайтып қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға да ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру