Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қару-жарақтың арсеналы тәркіленді

Алматыда қару-жарақтың арсеналы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы іс-шараны қалалық криминалдық полиция қызметкерлері ІІМ КПД әріптестерімен және арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен өткізді. Сауда үйлерінің бірінің тұрағында полиция Lexus LX 470 және Toyota Camry көліктерін жауып тастады. Алты адам ұсталды, оның төртеуі бұрын сотталған.

– Олар қарақшылық шабуыл, тонау, бұзақылық, есірткі қылмыстары және заңсыз қару-жарақ айналымы үшін сотталған. Үлкені – 33 жаста, кішісі – 25 жаста. Біреуі – Түркістан облысынан, қалғандары – Алматы облысының тұрғындары. Айыпталушыларға және олардың көліктеріне жүргізілген жеке тінту кезінде екі “Макаров”, “Наган” және “Марголин” тапаншалары, тегіс ұңғылы екі мылтық, “Стражник” травматикалық тапаншасы және оларға арналған патрондар табылды және тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген барлық қару атуға жарамды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, – деді Алматы Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

 

Спикер, тергеу барысында тәркіленген әскери арсеналдың шығу тегі, тиесілігі, сондай-ақ, оның қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталатындығын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру