Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда “синтетиканың” ірі партиясы тәркіленді

Алматыда “синтетиканың” ірі партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың Алатау ауданында есірткі салынған екі көлік ұсталды. Экстремизмге қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлерінің назарына 29 және 27 жылғы екі ағайынды ілікті. Олар есірткі заттарын “бетбелгі қою” арқылы сатумен айналысқан.

– Жангелдин көшесінде тоқтатылған Mersedes көлігінен ұнтақты заты бар 10 полиэтилен байлам табылды және тәркіленді. Ал Шамелевада тоқтатылған BMW көлігінен 20 байлам шөп табылды. Күдіктілердің жалдамалы пәтеріне рұқсат етілген тінту кезінде электронды таразылар, дозалап бөлуге арналған қасықтар, сондай-ақ оралған полиэтилен байламдары тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 3,5 келіден асады, – деді экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Дархан Әбіқұлов.

Алатау аудандық ПБ аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау және сату дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Полиция қызметкерлері есірткіні Алматыға жеткізу арнасын анықтауда.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру