Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталушының әйелі кездесуге екі телефон өткізбек болды

Алматыда сотталушының әйелі кездесуге екі телефон өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/12 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушының жұбайы кездесуге екі телефон әкелуге тырысқан.

Заречный кентіндегі жоғары қауіпсіздік мекемесін тексеру тобының қызметкерлері тыйым салынған заттарды алып өту фактісіне жол бермеді.

Әйел ұзақ уақытқа жұбайымен кездесуге келген болатын. Айла-амалмен ол екі телефонды шұлықтарына тығып, сөмкесінде өткізуге  тырысты.

– Тыйым салынған заттарды алып өту фактілеріне жол бермеу бойынша сотталғандармен және олардың туыстарымен жүргізілетін профилактикалық әңгімелесулерге қарамастан, азаматтар оларды алып өтуді саналы түрде жалғастыруда. Естеріңізге сала кетейік, аталған іс-әрекет ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабында көзделген әкімшілік жазаланатын іс болып табылады, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру