Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жалақысын алуға келген әйелді екі ер адам зорламақ болған

Алматыда жалақысын алуға келген әйелді ұрып-соқты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 29 желтоқсанда болған. Бұл туралы «НеМолчи.kz» қоғамдық қорының директоры Дина Смайылова Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, үш баланың анасы әмбебап жұмысшы болған. Жалақысын алу кезінде әйелге жұмысшы мен оның ағасы шабуыл жасаған.

«Әйел айғайлай бастаған және көмекке шақырған. Осы әрекеті үшін оны аяусыз соққыға жыққан.Ол туыстарына хабарласып үлгерген, олар полиция шақырған. Полиция 16 минутта жеткен, алайда зардап шеккен әйелдің сау-тамтығы қалмаған. Полиция бөлімінде ол есінен танып қалған, жедел жәрдем шақырған, ауруханада ол тағы да есінен танған», – деп жазды Дина Смайылова.

Алматы ПД өкілдері осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Зорлауға оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатқанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру